Мұғалімдермен дөңгелек үстел

Бүгін бізде күнделікті жасөспірімдермен жұмыс істейтін ұстаздарымызбен керемет тәжірибе бөлісу алаңы болды. Біздің мұғалімдер - нағыз батырлар, олар біздің жасөспірімдерімізді қалыптастырып қана қоймай, оларға өмірлік қиындықтармен күресуге және жеке дамуына көмектеседі.
Дөңгелек үстел жасөспірімдермен сабақ жүргізе отырып, педагогтардың кездесетін негізгі мәселелерін талқылауға арналды. Біз үздік инновациялық әдістемелерді зерттеп, күрделі жағдайларды шешудегі тәжірибемізбен бөлістік.
Талқыланған тақырыптардың ішінде жасөспірімдерді психологиялық қолдау, эмоционалдық интеллектін дамыту, білім берудегі заманауи әдістерді зерттеу және басқа да көптеген қызықты аспектілер мәселе болды.
Біз, педагогтар мен жасөспірімдер арасындағы өзара іс-қимыл болашақты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз. Барлық қатысушыларға талқылауға белсенді қатысып, әрі бірлесіп жұмыс істегені үшін рахмет айтамыз!